Конкурстар және  жобалар Қашықтықтан оқыту қорытынды аттестаттау 9 сынып Пәндер Барлық құттықтаулар!
Жаңалықтар мұрағаты
Виртуалды қабылдау
Ержан Слямбекович Сулейменов
24 Ақпан 2016
Сұрақ / Үндеу #93
Бастауыш сыныпта оқушылардың мәтінді оқу мен түсіну сапасын қалай бақылап, бағалауға болады?
Жауап
Оқу жылдамдығы, есте сақтау, оқыған мәтінді қабылдау және түсіну бойынша бақылап, бағалауға болады. Оқушыларды сапалы оқуы мұғалімнің қолданатын әр түрлі әдіс-тәсілдеріне байланысты болады. Бұл сұрақ бойынша: Давыдов А.В., Бунаков Н.Ф., Горецкий В.Г., Цветаева Л.С., Граник Г.Г., Кудина Г.Н. және шетел ғалымдары: Стронг Р., Гэйтс А., Дж. Мортон еңбектерінен толық ақпарат алуға болады.
Ержан Слямбекович Сулейменов
24 Ақпан 2016
Сұрақ / Үндеу #92
«PIRLS халықаралық зерттеудің мақсаты мен міндеттері» бастауыш сыныптың білім сапасын арттыруға тигізетін септігі.
Жауап
1. «PIRLS халықаралық зерттеудің мақсаты мен міндеттері» бастауыш сыныптың білім сапасын арттыруға тигізетін септігі. PIRLS халықаралық зерттеудің мақсаты: әр түрлі әлем елдерінің бастауыш сыныптарының мәтінді түсіну деңгейлерін сәйкестендіру және ұлттық білім жүйесін оқу сауаттылығын ашудағы ерекшеліктерін анықтау PIRLS зерттеуі мынадай міндеттерді шешуге бағытталады: Білім беру саласындағы әлемдік басымдылықтарда көрініс тапқан құралдар негізінде алынған нәтижелердің талдауы нақты өлшеуіштермен белгіленуі; Білім беру жүйесінің салыстырмалы бағасы және олардың тиімділігі; Зерттеу қорытындысына әсер ететін контекстегі дәйектемелерді анықтау; Ғылыми дәлелденген әлемдік ақпараттық қауымдастықтың мәліметтерін алу; Тәуелсіз елдер нәтижесін, сонымен қатар білім саясатын жақсарту нұсқауын зерттеуге қатысушыларға ұсыну.
Вера Николаевна Мисщенчук
24 Ақпан 2016
Сұрақ / Үндеу #91
Какие формы, методы и приемы учебной деятельности способствуют формированию грамотности чтения обучающихся.
Жауап
Качество чтения детей младшего школьного возраста будет зависеть от применения учителем разнообразных приемов и методов в обучении. Методы: фонетический метод, метод систематической фонетики, метод внутренней фонетики, лингвистический метод, метод целых слов, метод целого текста, метод Зайцева, метод Мура, метод Монтессори. Приемы: жужжащее чтение, речевая зарядка, целесообразно применять числовые и буквенные пирамиды, динамическое чтение. Рекомендуется чтение статьи «ВЕБ-КВЕСТ в педагогике или как обучить работе с информацией» (Народное образование №6, 2013г. 242-249 стр.)
Гульжан Қайсақызы Заирова
15 Ақпан 2016
Сұрақ / Үндеу #90
Қазақ тілі мен әдебиет пәндерінен орыс сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту тапсырмаларын жасау курстары бола ма?
Жауап
Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінен орыс сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту тапсырмаларын жасау курстарын «Өрлеу» біліктілікті арттыру акционерлік қоғамы ұйымдастырады. Орыс тілді мектепте курс өткізетін -З.Ш.Махадил. Сол кісімен хабарласуларыңызға болады.
Дулат Жунистаевич Тыныбеков
15 Ақпан 2016
Сұрақ / Үндеу #89
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуда оқу бағдарламасындағы әрбір пәннің рөлі қандай?
Жауап
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуда оқу бағдарламасындағы әрбір пәннің рөлі зор. Соның ішінде қазақ тілі мен әдебиетінің алатын орны ерекше. Осы ретте, оқушыға халықтың қоғамдық өмірін, арман-мүддесін танытуда, оларға идеялық-саяси, рухани-адамгершілік, этикалық-эстетикалық т.б. тәрбие беруде, дүниеге көзқарасын, мінезін, жалпы мәдениетін қалыптастыруда көркем әдебиетті қуатты құралдардың бірі ретінде пайдалану – әдебиет пәнінің басты мақсаты болып есептелсе, тіліміздің өзіндік қалыптасқан нормаларын, жалпы айтқанда грамматикасын үйрету –қазақ тілінің басты міндеті болып танылады
Гульжан Қайсақызы Заирова
15 Ақпан 2016
Сұрақ / Үндеу #88
Оқу сауаттылығының мақсаты қандай?
Жауап
Оқу сауаттылығын арттыру мақсаты – жаңаша оқытудың мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес: 15 жастағы оқушыны алдағы өмірге дайындау. Жалпы фукционалды сауаттылық әр мектеп пәнінің негізінде қалыптасады.
Гульжан Қайсақызы Заирова
15 Ақпан 2016
Сұрақ / Үндеу #87
Деңгейлік оқулықтармен оқыту бойынша сабақтар көруге бола ма?
Жауап
2016 жылдың 10 наурызында «Оқыту орыс тілінде жүргізілетін мектептерде қазақ тілінен оқыту сапасын көтерудегі жаңа форматты оқулықтардың рөлі» тақырыбы бойынша Павлодар қаласының №24 ЖОМ базасында облыстық семинар ұйымдастырылады. Жаңа буын оқулықтарымен ашық сабақтар, шеберлік сыныптары өткізу жоспарланды. Әр ауданнан 2 мұғалім мен 1 әдіскер шақырылады.
Гульжан Қайсақызы Заирова
15 Ақпан 2016
Сұрақ / Үндеу #86
Павлодар облысында қазақ тілін деңгейлеп оқыту оқулықтары бойынша эксеримент қай мектептерде жүргізілуде?
Жауап
2015-16 оқу жылында қазақ тілінен басқа тілде оқытатын мектептердің 1-11-сыныптарына арналған қазақ тілінің деңгейлік оқулықтарын сынақтан өткізу бойынша республика деңгейінде Павлодар қ. №24ЖОМ және Успен ауданының №1ЖОМ-де оқулықтарды апровациядан өткізуде.
Гульжан Қайсақызы Заирова
15 Ақпан 2016
Сұрақ / Үндеу #85
Қазақ тілі сабақтарында деңгейлеп оқытудың тиімді жақтары қандай?
Жауап
Деңгейлеп оқыту барысында деңгейлік тапсырмаларды сабақта қолдану орыс тілінде білім алатын оқушылардың қазақ тілін үйренуіне өте тиімді. Өйткені мектеп оқушыларының зейіні, қабылдауы, есте сақтау қабілеті әр түрлі деңгейде. Деңгейлеп оқыту жеке тұлғаның өздігінен дамуына жағдай жасайды. Ең маңыздысы, әрбір жеке тұлға өзінің деңгейіне сай тапсырмалар орындау барысында шығармашылығын шыңдай алады.
Гульжан Қайсақызы Заирова
15 Ақпан 2016
Сұрақ / Үндеу #84
Орыс тілді мектепте оқушылардың функционалдық оқу сауаттылығын дамыту не үшін қажет?
Жауап
Оқушылардың функционалдық оқу сауаттылығын дамыту дегеніміз қоғамда түрлі өмірлік жағдаяттарға байланысты дұрыс шешімдер қабылдау үшін жоғары кәсіптік пен интеллектуалды қажет ететін заманның бүгінгі талабына сай өмір сүріп, қызмет ету үшін қажет.
Гульжан Қайсақызы Заирова
15 Ақпан 2016
Сұрақ / Үндеу #83
Орыс сыныптарына арналған «Қазақ тілі» оқулықтарындағы функционалдық сауаттылықты арттыруға арналған тапсырмалар тиімді ме?
Жауап
Орыс сыныптарына арналған «Қазақ тілі» оқулықтарындағы функционалдық сауаттылықты арттыруға арналған тапсырмалар тиімді. Деңгейлік оқулықтар Еуростандартқа негізделіп жасалған, тапсырмаларының басым бөлігі функционалдық сауаттылықты арттыруға арналған. 10-11 сынып оқулықтарында өмірден алынған жағдаяттар көп ұсынылған.
Риза Манейқызы Маней
15 Ақпан 2016
Сұрақ / Үндеу #82
Деңгейлік оқулықтың авторлары туралы айтсаңыз?
Жауап
Оқулықтар әр сыныпқа (1-11-с.) Оқу кітабы (2 бөлім), мұғалімге арналған нұсқаулықтан және жұмыс дәптерінен тұрады. Оқулық 3 аядан тұрады, орыс тілді мектепте қазақ тілін оқытудың ерекшелігі ескерілген, сөйлесім әрекетінің 5 түрі (тыңдалым, оқылым, жазылым, айтылым, тілдесім) нақты берілген.
Captcha