Павлодар облысы білім беру басқармасының «Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы» КММ Павлодар облысы әкімдігінің қаулысы негізінде 2012 жылғы тамыз айында құрылды.
Қызметтің мақсаты: білім беруді жаңарту жағдайында жалпы орта білім берудің мемлекеттік стандарттарын меңгеру мен енгізуде инновациялық үдерістер мен әдістемелік көмекті қамтамасыз ету және жүзеге асыру
Міндеттер:
• Көпшілік білім беру тәжірибесінде инновациялық тәжірибені ғылыми-әдістемелік сүйемелдеуді қамтамасыз ету: озық педагогикалық тәжірибені талдау, жинақтау және тарату
• Білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлерінің оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру және басқарудағы, соның ішінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру шеңберіндегі ақпараттық, оқу-әдістемелік, білім берушілік қажеттіліктерін қанағаттандыру
• Білім беру мекемелеріндегі педагог қызметкерлердің шығармашылық әлеуетін дамыту үшін жағдайлар жасау
• Қалалар мен аудандардағы әдістемелік қызмет көрсету мекемелерінің қызметін үйлестіру