Жаңалықтар мұрағаты
Пәндер Барлық құттықтаулар!
«Білім беру ұйымдарында қауіпсіз білім беру ортасын құру»
21-12-2017 10:59
«Білім беру ұйымдарында қауіпсіз білім беру ортасын құру»

2017 жылы 20 желтоқсанда Академияның базасында, «Жаңа білім беру стандартына (ЖМББС) көшу жағдайында қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастыру механизмдері» жобасы бойынша, 2017-2018 жылдарда жұмыс жоспарын жүзеге асыру аясында «Білім беру ұйымдарында қауіпсіз білім беру ортасын құру» атты семинар өткізілді. Семинарда келесі мәселелер қарастырылды:

1. «Жаңа білім беру стандартына (ЖМББС) көшу жағдайында қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастыру механизмдері» жобасының мақсаттары мен міндеттері.

2. Білім беру ұйымдарында қауіпсіз орта құру және апаттың ықтималдығын төмендету бойынша табысты практикалар.

Талқылауға ұсынылғандар:

- мектептегі зорлық-зомбылықтың бастапқы алдын алу оқу бағдарламасы;

- мектептегі зорлық-зомбылыққа ден қою мен алдын алудың кешенді бағдарламасын аймақтарда жүзеге асыру мониторингі және мектептерді қолдау бойынша нұсқаулық.

Сондай-ақ семинарға қатысушылар үшін келесідей тренингтер өткізілді: «Мектептегі зорлық-зомбылыққа ден қою мен алдын алу бағдарламаларын оқу процесіне қосу», «Мектептік ортада зорлық-зомбылықтың алдын алуға ұстазды дайындау».

Семинардың жұмысына педагогтар, облыстық әдістемелік кабинеттердің, білім басқармаларының қызметкерлері, жоғары оқу орындарының оқытушылары және т.б. қатысты.