21.10.2017ж. ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев еліміздің барлық аймақтарының «Білім-инновация» мектеп-лицейлерінің 36 президентімен кездесті
27-10-2017 06:19
21.10.2017ж.  ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев еліміздің барлық аймақтарының «Білім-инновация»  мектеп-лицейлерінің 36 президентімен кездесті

2017 жылғы 21 қазанда «Туған жер» бағдарламасы бойынша Президенттің «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласы аясында ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев еліміздің барлық аймақтарының «Білім-инновация» мектеп-лицейлерінің 36 президентімен кездесті.  
    Кездесуде жоғары сынып оқушылары болашақтағы жоспарлары туралы әңгімеледі, оқу үдерісіне қатысты пікірлерімен, тілектерімен бөлісті, сондай-ақ, министрге өз сұрақтарын қойды. Оқушылардың айтуынша, «сабақтар үнемі қызықты, АКТ-ны және бейнесабақтарды қолданумен өтуі тиіс...», «Мектепті басқаруда балалардың қатысу мүмкіндігі кеңейтілгені қуантады, тіпті сыныптардағы қабырғалар түсін таңдау балалармен талқыланады».