СLIL сабақ бойынша шығармашылық топтың отырысы
26-10-2017 11:40
СLIL сабақ бойынша шығармашылық топтың отырысы

       Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы 2017 жылғы                            26 қазанда  Павлодар қ. дарынды балаларға арналған Абай атындағы                        №10 лицей-мектебінде4 пәнді (физика, химия, биология, информатика) оқытуда ағылшын тілін қолданатын мұғалімдердің  шығармашылық тобының отырысын өткізді. 

        Отырыста сабақты пәндік-тілдік кіріктірілген оқыту әдістемесі негізінде жоспарлау бойынша мәселелер талқыланды. Топ қатысушылары 4 секцияда жұмыс істеді. Онда тілді меңгерудің жалпы еуропалық стандарттарына сәйкес В1 деңгейінде ағылшын тілін меңгерген және ағылшын тілінде оқыту тәжірибесі бар мұғалімдер топ үйлестірушілері болды.

         Қатысушылар пікір алмасып, ресурстар және жинақталған тәжірибемен бөлісті.