Бастауыш мектепте жаңартылған білім беру мазмұнының өзекті сұрақтары
25-10-2017 10:13
   Бастауыш мектепте жаңартылған білім беру мазмұнының өзекті сұрақтары

Білім беруді дамытудың Инновациялық орталығы 2017 жылғы 25 қазанда  Назарбаев Зияткерлік мектебінде «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында білім беру үдерісін ұйымдастыру ерекшеліктері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстел жұмысына Білім беруді дамытудың инновациялық орталығының басшысы С.Ш. Слямова, Педагогикалық шеберлік орталығының тренерлері, ақпараттық технологиялар орталығының мамандары, Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқытушылары, аудандық және қалалық білім беру бөлімдерінің әдіскерлері, мектеп директорларының оқу ісі жөніндегі орынбасарлары, облыс мұғалімдері қатысты.

Жұмыс барысында пәндер бойынша орта мерзімді және қысқа мерзімді жоспар құру, формативтік және суммативтік бағалауды өткізу, электронды және қағаз журнал толтыру, ата-аналармен жұмыс бойынша сұрақтар талқыланды.

Дөңгелек үстел қорытындылары бойынша әдістемелік ұсыныстар берілді.