Республиканың жалпы орта білім беру мектептерінде оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру мәселелері бойынша республикалық семинар
23-10-2017 06:53
Республиканың жалпы орта білім беру мектептерінде   оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру мәселелері бойынша  республикалық семинар

        2017 жылғы 19-20 қазан күндері Астана қаласындағы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде республиканың жалпы орта білім беру мектептерінде  оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру мәселелері бойынша   республикалық семинар өтті. Оған Павлодар облысы өкілдері, Астана және Алматы қ., облыстардың білім беру басқармалары басшыларының орынбасарлары мен әдістемелік кабинеттерінің басшылары, аудандық және қалалық білім беру бөлімдері әдістемелік кабинеттерінің меңгерушілері қатысты. Семинардың ұйымдастырушысы – Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі.

Семинар жұмысының барысында төмендегідей мәселелер қарастырылды және талқыланды: жаңартылған білім беру мазмұны, білім беру мазмұны мен құжаттаманы жаңарту шеңберінде оқу үдерісін ұйымдастырудың ерекшеліктері, ЖҒП төрт пәнін ағылшын тілінде оқу, үштілді білім беру моделі,  оқушыларды критериалды бағалау жүйесін табысты іске асыру жағдайлары, «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» оқу пәнінің ерекшеліктері, мектепке дейінгі және бастауыш білім деңгейлерінің сабақтастығын қамтамасыз етудің негізгі амалдары,  жаңартылған білім беру мазмұны оқулықтарының ерекшеліктері, «Қоғам және дін» курсы (негізгі мектеп бағдарламасына) мен міндетті мектеп формасын енгізудің ерекшеліктері, өлкетану курсының оқу бағдарламасы туралы, ауылдық  және қалалық мектептердегі білім беру сапасын теңестіру мақсатында АКТ-әдістемесін қолдану, «Күнделік» автоматтандырылған ақпараттық жүйесін қолдану, жаңа «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» оқу пәнінің ерекшеліктері.