Білім беру мазмұнын жаңарту: болашаққа бағдар
18-10-2017 10:25
Білім беру мазмұнын жаңарту: болашаққа бағдар

Білім беруді дамытудың Инновациялық орталығы 2017 жылғы            18 қазанда Павлодар қаласындағы №30 ЖОМ-да «Оқытудың мазмұнын, формалары мен әдістерін жаңарту – білім беру сапасын арттыру шарты» тақырыбында облыстық семинар өткізді. Аталған іс- шараға 150-ге жуық тілдік пәндер мұғалімдері қатысты.
     Семинарда Білім беруді дамытудың Инновациялық орталығының басшысы С. Ш. Слямова, химия-биология бағытындағы  Назарбаев Зияткерлік мектебінің директоры Г. Э. Жукенова, Педагогикалық шеберлік орталығының Павлодар қаласындағы филиалының директоры Н. С. Сарбасов сөз сөйледі.
Семинардың практикалық бөлімінде қазақ тілі, орыс тілі және ағылшын тілі мұғалімдеріне арналған әдістемелік шеберханалар ұйымдастырылды. Пәндер бойынша секцияларда Педагогикалық шеберлік орталығының тренерлері И. И. Айдарханова, А. Р. Ибраева, Б. Д. Нығметова, Инновациялық орталық әдіскерлері және облысымыздың ұстаздары орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында сабақ жоспарлау және саралауды іске асыру, тілдік пәндер сабақтарында жаңа оқыту әдістері мен формаларын қолдану, критериалды бағалау жүйесі, формативтік бағалауды жоспарлау және ұйымдастыру, оқушыларды оқу үдерісіне белсенді тартуды ұйымдастыру бойынша шеберлік сағаттарын, тренингтер және коучингтер өткізді.
Семинар соңында әдістемелік ұсыныстар қабылданды.