Жаңалықтар мұрағаты
Пәндер Барлық құттықтаулар!
«Табысты менеджер-2017» республикалық конкурсының облыстық кезеңін өткізу туралы
13-10-2017 10:53
       Білім беру басқармасы, Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы  2017 жылғы 15-16 қарашада «Табысты менеджер-2017» республикалық конкурсының облыстық кезеңін өткізеді.
       Конкурстың мақсаты – ҚР жалпы білім беретін және шағын жинақты мектептердің,  техникалық және кәсіби білім беру, жеке білім беру ұйымдары басшыларының шығармашылық қызметін дамыту.
       Конкурстың қатысушылары: төмендегідей мемлекеттік және мемлекеттік емес жалпы орта білім беру ұйымдары басшылары: жалпы орта білім беретін мектептер, ШЖМ, колледж.
        «Табысты менеджер-2017» республикалық конкурсы үш кезеңде өткізіледі: 
        1-кезең – аудандық (қалалық) кезең - 2017 жылғы 25-26 қазанда;
        2-кезең – облыстық  кезең  - 2017 жылғы  15-16 қарашада.
        3-кезең – республикалық кезең - 2017 жылғы 7-8 желтоқсанда.
«Табысты менеджер-2017» республикалық конкурсының жеңімпаздары төмендегідей марапатталады: лауреаттар – дипломдармен, номинация жеңімпаздары - грамоталармен. Конкурстың нәтижесі бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.
       Конкурстың қорытындысы бойынша жинақ шығарылады.