«Педагогикалық бастамалар-2017» облыстық конкурсы туралы
13-10-2017 10:52
Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы  «Педагогикалық бастамалар - 2017» облыстық конкурсын өткізеді.
       Конкурстың мақсаты – тиімді озық педагогикалық тәжірибені анықтау және тарату.
       Конкурстың қатысушылары: оқыту мен тәрбиелеудің тиімді үлгілерін іске асыру бойынша жұмыс тәжірибесі бар, оқытудың тұрақты жоғары нәтижелерін қамтамасыз ететін, білім алушылардың функционалдық сауатты тұлғасын қалыптастыру бойынша жұмыс тәжірибесі бар барлық типті білім беру ұйымдарының басшылары мен педагогикалық қызметкерлері.
        Педагогикалық тәжірибені қорғау екі кезеңде өткізіледі: 
1-кезең – іріктеу (сараптау) - 2017 жылғы 17-18 қазанда;
2-кезең  - ОПТ қорғау (тәжірибені презентациялау) - 2017 жылғы                                          09 қарашада.
       Қатысу туралы өтінімдер 2017 жылғы 13 қазанға дейін қабылданады.