«Үздік ресурстық орталық (тірек мектебі)» республикалық конкурсының облыстық кезеңі
13-10-2017 08:33
«Үздік ресурстық орталық (тірек мектебі)» республикалық  конкурсының  облыстық кезеңі
Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы 2017 жылғы 13 қазанда «Үздік ресурстық орталық (тірек мектебі)» республикалық конкурсының облыстық кезеңін өткізді.
 Конкурсқа  қатысуға облыс аудандары мен Ақсу, Екібастұз қалаларынан   19 ресурстық орталық өтінім берді.  
 Конкурс қатысушылары ресурстық орталықтардың жаңа педагогикалық бастамаларын, инновациялық амалдарын, әдістемелік және оқу-тәрбие қызметін демонстрациялады. 
Конкурс қорытындылары бойынша І орынға Баянауыл ауданының № 2  Баянауыл ЖОМ-ның ресурстық орталығы;   ІІ орынға  Екібастұз қаласының №21 ЖОМ-ның ресурстық орталығы;  ІІІ орынға  Шарбақты ауданының гимназия сыныптары бар  Шарбақты ЖОМ-ның ресурстық орталығы иеленді. 
 Номинациялар бойынша Дипломдармен марапатталды: «Үздік бейінді мектеп» Успен  ауданының  №1 Успен  ЖОМ-ның ресурстық орталығы, «Үздік  инновациялық бастама» Лебяжі  ауданының  Лебяжі ЖОМ-ның ресурстық орталығы, «Тиімді менеджмент»  Ертіс ауданының  №4 Ертіс ЖОМ-ның ресурстық орталығы, «Әлеуметтік серіктестік және қызметтестік» Май  ауданының Көктөбе ЖОМ-ның ресурстық орталығы,  «Шеберлік және ізденіс» Ақсу қаласының №2 ЖОМ-ның ресурстық орталығы.