Жылдың үздік психологі
11-10-2017 06:11
Жылдың үздік психологі

2017 жылғы 10 қазанда Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы  Павлодар қаласының «Жас дарын» мамандандырылған мектебінде «Жылдың үздік психологі» республикалық конкурсының облыстық кезеңін өткізді.

 Конкурсқа  облысымыздың 44 психологі қатысты, оның ішінде 22 адам  – үш қаладан (Павлодар  қаласынан – 15, Ақсу қаласынан – 3, Екібастұз қаласынан – 4), аудандардан – 20, мамандандырылған мектептерден – 2 адам.

Қатысушылар кәсіби шеберлік пен инновациялық технологияларды меңгерудің практикалық деңгейін көрсетті.

Конкурс қорытындылары бойынша І орын иеленгендер: Буркутбаева Жулдыз Ерікқызы, Екібастұз қаласының № 5 ЖОМ, Омарханова Жазира Пишембаевна, Павлодар қаласының № 26 ЖОМ, Шаймарданова Назигуль Тусуповна,  Ақсу қаласының дарынды балаларға арналған гимназиясының;   ІІ орын иеленгендер: Яхаяа Назгүл, Май ауданының Ақжар ЖОББМ, Успанова Сабина Габдулуахитовна, Павлодар қаласының № 40 ЖОМ, Ордабаева Жанар Бейсенбаевна, Павлодар  қаласының № 25 ЖОМ;  ІІІ орын иеленгендер: Пинчук Любовь Анатольевна,Павлодар ауданының Ямышев ЖОМ, Аусагитова Айнагуль Каировна, Успен ауданының Павлов ЖОМ, Аязбаева Венера Манаповна, Ақтоғай ауданының Тіленшин атындағы ЖОМ психологтері.

Төмендегідей номинациялар бойынша жеңімпаздар анықталды: «Үздік авторлық бағдарлама» - Кенжебаева Маншук Жақсылықызы, Ертіс ауданының Қараағаш ЖОББМ,«Кәсіби шеберлік» - Молдасарина Гульжихан Канатовна,Баянауыл ауданының Ш.Айманов атындағы мектеп-интернаты,«Психологтің үздік портфолиосы» - Панащенко  Татьяна  Викторовна, Павлодар қаласының № 33 ЖОМ, «Зерттеуші-психолог» - Жолдаспаева Фариха Ментаевна, Ақтоғай ауданының Қайырбаев атындағы ЖОМ,«Ең жас психолог» - Айдашева Диляра Аманжоловна,Ертіс ауданының Ағашорын ЖОМ, «Креативті психолог» - Нурмухамедова Майра Манаповна, Павлодар қаласының № 42 ЖОМ,«Үздік эссе» -  Баймагамбаева Светлана Табысовна, Павлодар ауданының Луганск ЖОМ психологтері.

Тақырыптық эссе жазуда үздіктер аталды: «Мен және менің мамандығым» - Кусаинова Айымгуль Утеуовна, Павлодар қаласының  «Жас дарын»  мектебі, «Психолог – болашақтың мамандығы» - Кенесбаева  Марина  Куатбековна, Павлодар қаласының № 17 ЖОМ,«Психолог және Мен» - Гауриева  Ботагоз  Муратовна, Павлодар қаласының № 30 ЖОМ, «Менің кәсіби ұстанымым» - Шайхина Анар Советовна,Баянауыл ауданының «Еркетай» балабақшасының психологтері.

Облыстық кезеңнің жеңімпаздары 2017 жылғы 1-3 қараша күндері Алматы қаласында өтетін республикалық конкурста Павлодар облысын қорғайтын болады.