Үш тілді білім беруге кезеңдеп көшу – Президент Жолдауында
01-02-2017 11:28
Үш тілді білім беруге кезеңдеп көшу – Президент Жолдауында
Үш тілді білім беруге дайынбыз ба? Мектептерде үш тілді білім беруді енгізу бастамасы заңды және болашағы бар: қазақ тілін білу – ана тілі ретінде, орыс тілі – ұлтаралық қарым-қатынас тілі, ағылшын тілі – әлемдік болмысты кіріктіру тілі ретінде.   
Қазақстан Республикасының Президенті 2017 жылғы 30 қаңтарда халыққа жыл сайынғы Жолдауында адамзат капиталының сапасын жақсартуды Үкіметке тапсырғандығын Tengrinews.kz тілшісі мәлімдейді. 
Сондай-ақ, Президент үш тілді білім беруге кезеңдеп көшу сұрақтары бойынша тоқталды. «Қазақ тілінің басымдығы сақталады. Оның әрі қарай дамуына зор көңіл бөлінеді. Сонымен қатар, бүгінде ағылшын тілі – жаңа технология,  жаңа индустрия,  жаңа экономика тілі. Қазіргі кезде 90% ақпарат  ағылшын тілінде жарияланады. Әрбір екі жыл сайын олардың көлемі  2 есе ұлғайып отырады. Ағылшын тілін меңгермей,  Қазақстан жалпы ұлттық прогреске жете алмайды.
2019 жылдан бастап 10-11 сыныптарда кейбір пәндерді ағылшын тілінде оқытатын боламыз. Бұл мәселені тиянақты ойланып, ақылмен шешу қажет» - деді Елбасы. 
ҚР білім және ғылым министрлігіне  Президенттің тікелей тапсырмасы: Қазақстанда үш тілді білім беруді дамытудың жол картасын өңдеу және жақын арада қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде оқушылармен жекелеген пәндерге енгізу. 
2019 жылдан бастап үш тілді білім беруге көшу барлық мектептер үшін міндетті болады, тек 10-11 сынып оқушылары үшін екенін білім министрлігі мәлімдейді (yk-news.kz ақпараттық бюроға сілтемесімен).