РО және ШЖМ үшін облыстық workshop
19-01-2023 17:00

2023 жылғы 19 қаңтар күні Білім беруді  дамытудың инновациялық орталығы ауылдық шағын жинақты мектептер пен ресурстық орталықтары үшін «Функционалдық сауаттылық дағдыларын дамыту негізінде құндылықтарды қалыптастыру»тақырыбында  облыстық workshop өткізді.

 Онлайн-кездесу жұмысына Павлодар және Қостанай облыстарының ресурстық орталықтардың үйлестірушілері, әдіскерлер, директорлардың орынбасарлары, шағын жинақты мектептерінің педагогтері қатысты.   Ақпараттық кеңістікті кеңейту кезеңінде функционалдық сауаттылықты қалыптастыру ерекше өзектілікке ие болады. Бұл әртүрлі заманауи білім беру педагогикалық технологияларын біріктіретін күрделі, көпжақты  үдіріс.Функционалдық сауаттылықтың қалыптасуы тек оқу іс-әрекеті кезінде ғана емес, сонымен қатар сабақтан тыс уақытта да жүреді.

         Қостанай облысы Арқалық қаласының, Аққулы ауданының, Ақсу қаласы Достық ЖОББМ, Ақтоғай ауданы М. Қайырбаев атындағы ЖОББМ педагогтері мен әдіскерлері әдеби оқу, химия, биология, физика сабақтарында жағдаяттық тапсырмалардышешу арқылы метапәндік дағдыларды дамыту, функционалдық сауаттылықты дамыту негізінде жалпыадамзаттық құндылықтарды қалыптастыру мәселелерін талқылады. Аққұлы ауданының білім  беру бөлімінің әдіскері орыс тілі сабақтарында функционалдық сауаттылықты дамыту технологиясы ретінде скрайбингті қолдану тәжірибесін ұсынды.    Педагогтер білім алушыларды табысты әлеуметтендіруге бағытталған жаңа, неғұрлым тиімді әдістер мен тәсілдерді қолдануда тәжірибе алмасты.