«Lesson Study - оқыту тәжірибесін жетілдіру тәсілі»
2023 жылғы 19 қаңтар күні Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы Успен ауданы Қаратай ЖОМ базасында «Lesson Study - оқыту тәжірибесін жетілдіру тәсілі»тақырыбында коуч-сессия өткізді. Мақсаты – Успен ауданының педагогтеріне «Lesson study» әдісін оқу үдерісінде қолдануды меңгеру және коуч-сессиясының қатысушыларына әдістемелік көмек көрсету.
Қатысушылар коуч-сессия барысында «Миға шабуыл», «Ақпараттық бөлім», «Топтық жұмыс» арқылы практикалық тапсырмаларды зерделеп талқылады және оқу үдерісінде «Lesson study» зерттеу әдісін қолданудың маңыздылығын түсінді.
Коуч-сессия соңында «Action Research» әдісі арқылы іс-әрекеттерін талдап, кері байланыс берілді.