«Олимп шыңы»
2023 жылдың 19 қаңтар күні Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы «Олимп шыңы» жобасын жүзеге асыру аясында Торайғыров университетінің базасында тәжірибеге бағытталған, облыстың физика педагогтеріне арналған семинар өткізді. «Олимп шыңы» жобасыныңмақсаты: білім алушыларды олимпиадаларға дайындауда педагогтің кәсіби дағдылары мен құзыреттіліктерін жетілдіру.
Торайғыров университетінің физика-математика ғылымдарының кандидаты Досанов Талғат Сапарғалиұлы педагогтерді олимпиадаға дайындаудың, күрделі есептерді шығарудың әдіс-тәсілдерімен таныстырды.
Семинар қатысушыларына ұсыныстар айтылып, әрі қарай нәтижелі жұмыс істеу үшін пайдалы сілтемелер берілді.