ИНКЛЮЗИВТІ ТӘЖІРИБЕ - МӘСЕЛЕНІ ШЕШУ ЖӘНЕ ЖОЛДАРЫ
24-11-2022 08:47

2022 жылғы23 қарашакүні  Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы «Инклюзия – феномен немесе  ЕБҚ бар балаларды оқытуды ұйымдастыру тәсілдері»тақырыбыбойынша дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстел барысында спикерлер жалпы білім беретін мектептерде ерекше қажеттіліктері бар балаларды бейімдеу мамандандырылған мекемелерге қарағанда жақсы жүріп жатқанын атап өтті, өйткені балалар да сол жерде әлеуметтік тәжірибе алады. Сонымен қатар, дені сау балалар ерекше қажеттіліктері бар балалармен бірге оқи отырып, толеранттылық пен жауапкершілікті дамытады, тәуелсіз болады деп саналады.

Практикалық бөлімде облыс педагогтері «Бастауыш мектепте ЕБҚ бар балалардың оқу үдерісін ұйымдастырудың ерекшеліктері» тақырыбы бойынша жұмыс тәжірибесін ұсынды

Тыңдаушылар бастауыш мектепте инклюзивті білім беруді ұйымдастыру бойынша өзекті сұрақтарға жауап алды.