Олимп шыңына
21-11-2022 09:04

2022 жылғы 21 қараша күні Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы «Олимп шыңына» жобасын іске асыру аясында Торайғыровуниверситеті базасында облыстың орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдеріне арналған тәжірибеге бағытталған семинар өткізді.

    Торайғыров университетінің қауымдастырылған профессоры (доценті) Жанарсын Жуматовна Капенова «Білім алушылардың тілді өздігінен үйренуге деген ынтасын арттыру шеңберінде педагогтердің құзыреттілігін жетілдіру» тақырыбында сөз сөйледі.

       Екінші бөлімде жобаға қатысушылар олимпиадаларға дайындық материалдарымен және оны шешу  жолдарымен жұмыс істеді.

Педагогтар логикалық есептерді шешу үшін блиц - тапсырмаларды, ғылыми дискурс контекстіндегі қиын сұрақтарды орындады.

Семинар қатысушыларына ұсынымдар берілді.