Инклюзивті білім беру
22-11-2022 09:02

Ағымдағы жылдың 22 қараша күні Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы «Білім беру ұйымдарында ерекше білім беру қажеттіліктері бар тәрбиеленушілер мен білім алушыларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу» тақырыбында онлайн-семинар ұйымдастырды.

Семинарда мектепке дейінгі, жалпы білім беретін және инклюзивті білім берудегі арнайы мектептерді бағдарлаудағы психологиялық-педагогикалық қолдау жұмысының негізгі міндеттері, олардың өзара іс-қимыл схемалары, ЕБҚ бар балаларды қолдауға қатысты нормативтік құжаттардағы өзгерістер талқыланды.

Педагогтер интерактивті әдістер мен инновациялық педагогикалық тәсілдерді енгізу арқылы ЕБҚ бар балалармен жұмыс жасауда білім беру үдерісінің сапасын арттыру механизмдерімен танысты.Түзету-дамыту сабақтарын ұйымдастыру мәселелері талқыланды.

Жемісті жұмыс барысында педагогтер өз әсерлерімен, кәсіби тәжірибелерімен және бақылауларымен белсенді бөлісті. Мәселелік сұрақтарды талқылау онлайн-семинардың барлық қатысушыларының қызығушылығын тудырды.

Іс-шара соңында «Сұрақ-жауап» айдары өткізілді, онда педагогтер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды. Семинар қатысушылары инклюзивті білім беру тақырыбының жоғары практикалық маңыздылығын атап өтті.