«ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ДУЭТ - 2022» КОНКУРСЫ
20-06-2022 20:19
2022 жылғы 20 маусым күні офлайн форматында конкурстың қорытынды кезеңі өтті. Конкурс жас педагог қызметкерлердің шығармашылық әлеуетін дамыту және өзін-өзі таныту, тәлімгерліктің педагогикалық тәжірибесін анықтау және тарату үшін жағдай жасау мақсатында өткізілді. Конкурс міндеттері: - жас педагогтер мен олардың тәлімгерлерінің әлеуметтік мәртебесін және кәсіби деңгейін арттыру; - жас педагогтер мен олардың тәлімгерлерінің кәсіби өсуі, тұлғалық қалыптасуы, өзін-өзі жетілдіруі және өзін-өзі көрсетуі үшін қолайлы жағдайлар жасау; - мұғалім мамандығының беделін арттыру. 1 жылға дейінгі еңбек өтілі бар жас педагогтер «Табысқа апарар жол» өзін-өзі таныстыру рәсімін ұсынды, тәлімгермен «Менің білім беру саласындағы бастамам» білім беру жобасын қорғады. «Педагогикалық дуэт-2022» облыстық конкурсының қорытындысы бойынша келесі жүлделі орындар анықталды: Бас жүлде; І орын-1; ІІ орын-1; ІІІ орын-1, сондай - ақ, номинациялар: «Педагогикалық дуэт-бастамаға жол», «Зияткерлердің педагогикалық дуэті», «Креативті дуэт». 2022 жылғы тамыз конференциясы аясында жеңімпаздар мен жүлдегерлер марапатталады. Конкурс қатысушыларына электронды пошта арқылы сертификаттар беріледі. Конкурс жеңімпаздарына өз қызметін облыстық семинарларда таныстыруға мүмкіндік беріледі. Жас әріптестеріміздің осы конкурсқа қатысу тәжірибесі одан әрі педагогикалық өсуге, дамуға және өз идеяларын нақты шешімдерге енгізуге ынталандырады.