Павлодар облысының білім беру басқармасы 2022 жылғы 1-14 маусым аралығында облыстық «Педагогикалық дуэт – 2022» конкурсының іріктеу турының II кезеңін өткізді.
Конкурстың мақсаты: тәлімгерліктің беделін арттыру, жас мамандардың кәсіби қалыптасуын, педагогикалық өсуін сүйемелдеумен педагог – тәлімгерлердің елеулі жеке үлесін таныту, облыстың білім беру жүйесінде тәлімгерліктің педагогикалық тәжірибесін анықтау және тарату, тәлімгерліктің тиімділігін арттыру.
Жас педагогтің Е-портфолиосында 29 педагогикалық дуэттің жұмыстары қаралды: Жас педагогтің «XXI ғасырдың заманауи педагогі» тақырыбындағы эссесі, бірлескен білім беру жобасы «Менің білім беру саласындағы бастамам».
Қазылар алқасының бағалау қорытындысы бойынша конкурстың финалына 15 жас педагог пен тәлімгер өтті:
- Четверик София Юрьевна,Павлодар қ. №16 мектеп - лицейі,
- Касен Үмітжан Нұртайқызы,Павлодар қ. №21 ЖОМ,
- Рахметова Камила Ибрагимовна, дарынды балаларға арналған № 8 мектеп - лицейі,
- Ткешова Эльнура Муратовна,Павлодар қ. №41 ЖОМ,
- Ашимова Аяжан Саятовна, дарынды балаларға арналған № 3 гимназия,
- Тайтуленова Диана Нурлановна, Аққулы ауданы Ямышев ЖОМ,
- Дюсембаева Галима Бақтиярқызы, дарынды қыз балаларға арналған «Білім-Инновация»лицей-интернаты,
- Сапарова Алтынай Танырбергеновна, Баянауыл ауданының Үшқұлын ЖОМ,
- Ибраева Аида Рафаиловна,Успен ауданының «Балапан»сәбилер бақшасы,
- Абугалиева Диана Руслановна, № 1 Успен ЖОМ,
- Муканов Жаслан Каирович,Железин ауданы, Т.П.Праслов атындағы ПрииртышскЖОМ,
- Қасымбай Мадина Қасымбайқызы, Аққулы ауданы ЖОМ,
- Бекжанова Назерке Абдуллаевна, Железин ауданының №1 ЖОМ,
- Жумабекова Диана Адиятовна, Екібастұз қ. көпсалалы бағыттағы № 24 мектеп-гимназиясы,
- Ахтанов Тимур Сабитович, Ақсу қаласы Жамбыл ЖОМ.
«Табысқа апарар жол» кәсіби шеберлік байқауының финалы 2022 жылдың 17 маусымында офлайн форматта өтеді. Қатысушылар өзін-өзі таныстыру мен білім беру жобасын қорғауды ұсынады.
Сәттілік тілейміз!