«ТАЛАНТТЫ ҰСТАЗ – ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРҒА» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ КЕЗЕҢІНІҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ
14-06-2022 12:00

Жас педагогтердің шығармашылық әлеуетін дамыту және өзін – өзі танытуы үшін жағдай жасау, педагогтердің білім беру жүйесін жетілдіруге белсенді кәсіби көзқарасын қалыптастыру мақсатында Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы «Талантты ұстаз-дарынды балаларға» республикалық педагогикалық олимпиадасының облыстық кезеңін өткізді.Олимпиадаға 111 жас педагог қатысты.

Конкурстың қорытындысы 4 бағыт бойынша шығарылды: лингвистикалық, гуманитарлық, жаратылыстану-математикалық, психологиялық-педагогикалық.

Психологиялық-педагогикалық бағыт бойынша:

I орындыБаянауыл ауданы «Майқайың кенті сәбилер бақшасы»  КМҚК педагог-психологі Борог Лашын иеленді.

ІІ орын- Мехтова Сауле Сейтбаттоловна, Баянауыл ауданы, Мұхтар Әуезов атындағы ЖОМ көркем еңбек пәнінің мұғалімі, Сушина Виктория Владимировна, Павлодар қ. №39 ЖОМ дене шынықтыру пәнінің мұғалімі.

ІІІ орын- Люфт Александра Николаевна, дарынды балаларға арналған №8 мектеп - лицейінің технология пәнінің мұғалімі, Магомаева Валерия Валерьевна, Павлодар қ. №27 сәбилер бақшасының тәрбиешісі, Абугалиева Диана Руслановна, Успен ауданы №1 Успен ЖОМ педагог-психологі.

Гуманитарлық бағыт бойынша:

І орынды Май ауданы Қазан ЖОМ бастауыш сынып мұғалімі Қабылбек Аружан Тасқынқызы иеленді.

ІІ орын- Таласпай Анель Мукановна, Аққулы ауданы Тілектес ЖОМ бастауыш сынып мұғалімі,  Кайрекбаева Альмира Толегеновна, Павлодар қ. №11 ЖОМ бастауыш сынып мұғалімі.

ІІІ орын - Штрауб Ольга Игоревна, Павлодар қ. К.Мақпалеев атындағы ЖОМ бастауыш сынып мұғалімі, Ахмекенова Сая Сайлаубаевна, Ақсу қаласы № 1 қазақ орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі, Тукенова Арайлым Амангельдиновна,  Тереңкөл ауданы Трофимов ЖОМ бастауыш сынып мұғалімі.

Жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша:

I орынды Павлодар қаласы «Жас дарын» мектебінің биология пәнінің мұғалімі Молдасапар Шыңғыс Мықтыбайұлы иеленді.

ІІ орын - Жанибек Есенбек, Аққулы ауданы А.Баймульдин атындағы ЖОМ физика пәнінің мұғалімі,Богомол Татьяна Викторовна, Железин ауданы №1 ЖОМ география пәнінің мұғалімі.

 ІІІ орын - Жантенова Жулдыз Асылболатовна,  Май ауданы Жалтыр ЖОМ биология пәнінің мұғалімі, Гинаятова Анеля Нурбековна,Баянауыл ауданы Мұхтар Әуезов атындағы ЖОМ физика пәні мұғалімі, Бәкен Даниял Мұратұлы, Павлодар қ. №41 ЖОМ география пәнінің мұғалімі.

Лингвистикалық бағыт бойынша:

І орынды Баянауыл ауданы Дүйсенбай Рахметов атындағы ЖОМ қазақ тілі пәнінің мұғалімі Әйткен Жоламан Төлеутайұлы иеленді.

ІІ орын -Байбулатова Айдана Қуанышқызы, Павлодар қаласы Б. Момышұлы атындағы ЖОМ ағылшын тілі мұғалімі,  Саликова Айнаш Кумартхановна,  Павлодар қ. №41 ЖОМ ағылшын тілі мұғалімі.

ІІІ орын -Кайрбаева Куралай Ардаковна, Шарбақты ауданы Шалдай ЖОМ ағылшын тілі мұғалімі, Төрехан Айсара Есетқызы,Павлодар қ.                    №3 гимназиясының ағылшын тілі мұғалімі, Сыздыкова Салтанат Куандыковна,  Павлодар қаласы Б. Момышұлы атындағы ЖОМ ағылшын тілі мұғалімі.

Республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінің қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталып, олар Павлодар облысы білім беру басқармасының I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталады.