ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚПЕН БІЛІМ АЛУ
03-06-2022 17:35

2022 жылдың 26 мамырынан бастап Жазғы мектеп басталды.  Жазғы мектепті білім беруді жақсартудың тамаша мүмкіндігі ретінде қабылдау керек.  Ол білім алушыларға оқуда алға жылжуға және келесі оқу жылына дайындалуға көмектеседі.

Павлодар облысының педагогтері білім алушыны оқу жылы бойы болмаған өзгеше пәндік орта қоршап тұрғанын көрсетуге тырысу үстінде. Сабақтар саяхат сабағы, қиял сабағы, серуендеу сабағы, іскерлік ойын сабағы, өзара білім беру сабағы, КТА сабағы сынды стандартты емес түрде өткізіледі.

          Жазғы мектепті ұйымдастыру және өткізу барысында бастауыш сынып мұғалімдеріне әдістемелік көмек көрсету мақсатында Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы облыстың барлық мектептеріне                           1-4 сыныптарға арналған «Математика», «Орыс тілі», «Әдебиеттік оқу», «Сауат ашу», «Жаратылыстану» пәндері бойынша «Жазғы мектеп дәптері-тренажер» дидактикалық құралдарын жіберді. Бұл нұсқаулықты Павлодар облысының бастауыш сынып мұғалімдерінің шығармашылық топ мүшелері әзірледі.

     Жазғы мектеп-білім алушылардың білім сапасын арттыруға және олқылықтардың орнын толтыруға көмектеседі.