Таным негізі
Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы 2022 жылғы 30 мамыр күні «Педагог пен білім алушының өзара ынтымақтастығы-таным негізі» тақырыбында облыстық шеберлік сағатын өткізді.
Жұмысқа 100 өзін-өзі тану педагогтері, педагог-психологтері қатысты.
Педагогтер білім алушыларды жағымды күйге келтіру жаттығуларын оқу барысында қолдану, жас жасөспірімдерді әлеуметтік-эмоционалды оқыту арқылы эмоцияларды басқаруға үйрету бойынша инновациялық әдіс-тәсілдерімен таныстырылды.
Семинар-тренингке қатысушылар талқыланған тақырыпқа қызығушылық танытып, психологиялық тренингтер өткізді, тәжірибе алмасты.