Заманауи менеджмент көшбасшысы LEADERSHIP
26-05-2022 17:51

2022 жылғы 26 мамырда Павлодар облысының білім беру басқармасыныңБілім беруді дамытудың инновациялық орталығы «Заманауи менеджмент көшбасшысы LEADERSHIP» облыстық конкурсының қорытынды кезеңі өтті.
Мектеп директоры орынбасарларыныңконкурстық материалдары қашықтықтан өтті. Әр қатысушы Е-портфолио форматында қазылар алқасының мүшелеріне жетекшілік ететін бағыты бойынша техникалық шарттарға сәйкес бейнеролигін ұсынды.

Қазылар алқасы құрамы байқау қатысушыларының тәрбие мен оқытудың өзекті мәселелерін шешу бойынша педагогикалық қызметті жобалау, шығармашылығы, креативтілік қабілеттері, қатысушының кәсіби шеберлік деңгейін анықтады.
Конкурс қорытындысы бойынша І орын - Павлодар қаласының  дарынды балаларға арналған №3 гимназиясының мектеп директорының орынбасары Инна Федоровна Назарова, ІІ орын – Павлодар қаласының №25 ЖОМ директорының орынбасары Амангельді Рауза, ІІІ орын – Павлодар қаласының М.Әуезов атындағы ЖОМ мектеп директорының орынбасары Жанна Конофьяновна Темиргазина жеңіске жетті.