«Балаға мағыналы оқуды үйренуге қалай көмектесуге болады» тақырыбында мектеп кітапханашыларына арналған лайфхак
24-05-2022 21:58

2022 жылғы 24 мамыр күні Павлодар облысыныңБілім беруді дамытудыңинновациялықорталығы гуманитарлықцикл пәндері педагогтері мен кітапханашыларға арналған «Балаға мағыналы оқуды үйренуге қалай көмектесуге болады»тақырыбында семинар өткізді.

Семинар жұмысына мектеп кітапханашылары, облыстыңбілім беру ұйымдарыныңпедагогтері қатысты.

Семинарда Ақсу, Екібастұз қалаларының, Шарбақты, Баянауыл, Тереңкөл аудандарыныңмектеп кітапханашылары сөз сөйлеп, өз тәжірибелерімен бөлісті. Педагогтер, мектеп кітапханашылары жүзеге асыратын кітапхана жұмысыныңформалары мен әдістерініңсаны кез келген деңгейдегі кітапханалардыңжұмысы үшін даусыз құнды «қазына» болып табылады.

Семинарға қатысушылар мектеп кітапханаларын дамытудыңөзекті мәселелерін талқылады, балалардыңмәтінді түсіну дағдыларын қалыптастыру, саналы түрде оқу, оқырман зейінін, есте сақтау, ойлауды дамыту бойынша өзекті мәселелерді талқылады.

Семинар қорытындысы бойынша тыңдаушыларға әдістемелік ұсынымдар берілді.