«АРМАН-ПВ» БАСПАСЫ – ЖАҢА МАЗМҰНДАҒЫ ОҚУЛЫҚТАР
18-05-2022 15:57

Ағымдағы жылдың 17 - 18 мамыр күндері
Павлодар облысының Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы «Арман-ПВ» баспасының 2-сыныпқа арналған «Жаратылыстану», 5-11 сыныптарға арналған «Абайтану», 2-сыныптарға (оқыту орыс тілінде) арналған «Русский язык», «Литературное чтение» оқулықтарының авторларымен онлайн кездесу ұйымдастырды.

Авторлар оқу-әдістемелік кешеннің мазмұнымен таныстырды. Шығарылған оқулықта қолданылған әдіс-тәсілдер ерекшеліктері айтылды.

Оқулықтар әдістемелік нұсқаулықтармен қамтылған. Бұл нұсқаулықтарда педагогикалық техналогияларға негізделген толық сабақ жоспарлары ұсынылған.

Барлық оқулықтар Білім және Ғылым министрлігімен ұсынылып, қазіргі таңда білім буру ұйымдарында  қолданыста.