БАЛАНЫҢ БАЛАБАҚШАДА ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТҰРҒЫДАН ЖАЙЛЫ БОЛУЫНА ЖАҒДАЙ ЖАСАУ
19-05-2022 09:56

Ағымдағы жылдың 18 мамырында Павлодар қаласының № 16 лицейінде Павлодар облысы балабақшаларының басшыларына арналған «Балабақшада баланың психологиялық тұрғыдан жайлы болуына жағдай жасау» тақырыбында семинар - тренинг өтті.

Білім және ғылым қызметкерлерінің Қазақстандық салалық кәсіптік одағының Павлодар облыстық ұйымы  ҚБ құқықтық мәселелер жөніндегі бас маманы Джаркенова Гульшат Ораловна ҚР «Педагог мәртебесі туралы» Заңын іске асыру және педагогикалық этиканың негізгі қағидаттары туралы айтып берді.

Жергілікті полиция қызметі басқармасы ювеналды полиция тобының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі аға инспектор Айгерим Асетовна Сабитова мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің заңды жауапкершілігі және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы түсіндірді.

Шамсутдинова Валентина Юрьевна, «Тәрбие алаңы» жобалық кеңсесі жанындағы педагог-психологтардың жұмыс тобының өкілі баланың балабақшада жайлы және үйлесімді болуының кепілі ретінде тәрбиешінің психикалық денсаулығын сақтау әдістерімен бөлісті.

Екібастұз қаласының № 1 бөбекжай-балабақшасының «Ромашка «Дамыту орталығының» басшысы Шмидт Татьяна Викторовна балабақшадағы педагогтердің эмоционалдық шаршау  синдромының факторы ретінде мектепке дейінгі ұйым басшысының копинг-тәртібінің мәселелерін атап өтті.

         Тренинг соңында балалардың балабақшада жайлы болуы бойынша ұсыныстар берілді.