ОҚЫТУ ДЕҢГЕЙІН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ
18-05-2022 18:55

2022 жылғы 18 мамырда  Павлодар облысының Білім беруді дамытудың Инновациялық орталығы облыстық «Тіл – тұғырым» жобасы аясында мемлекеттік тілде оқытатын қазақ тілі мен қазақ әдебиеті мұғалімдеріне арналған «Қазақ тілі мен қазақ әдебиетін оқыту деңгейін арттыру» тақырыбында әдістемелік коучинг өткізді.

Жаңа педагогикалық технологиялар білім алушының жеке тұлғалық зияткерлігін арттырып, шығармашылық ойының дамуында басты рөл атқарады. Жаңа технологияларды меңгеру мұғалімнің зияткерлік, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматттық келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үдерісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.

Коучинг барысында қазақ тілі мен қазақ әдебиетін оқыту деңгейін арттыру жолдарын қарастыру аясында педагогтер тәжірибе алмасып,  заманауи инновациялық технологиялар, белсенді әдіс-тәсілдердің тиімділігі,оларды қолдану аясы бойынша тәжірибе алмасты.  

 Семинар соңында әдістемелік ұсынымдар берілді.