ПЕДАГОГТІҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ: ДӘСТҮРЛІ ЕМЕС ТӘСІЛ-ДӘСТҮРЛІ ЕМЕС ШЕШІМ
17-05-2022 17:24

2022 жылғы 17 мамыр күні Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы «Педагогтің шығармашылығы: дәстүрлі емес тәсіл-дәстүрлі емес шешім» тақырыбында шеберлік сағатын өткізді.

Шеберлік сағат жұмысына көркем еңбек пәні педагогтері қатысты. Педагогтер «Жалған акварель» дәстүрлі емес техникасында жобаны құру тәжірибесімен бөлісті, практикада гофрокартоннан жасалған бұйымдарды қалдық материалмен жұмыс жасауды көрсетті.

Қатысушылар қызығушылық танытып, кері байланыс берді.