ПЕДАГОГТЕРДІҢ ЭМОЦИОНАЛДЫҚ КҮЙЗЕЛІС СИНДРОМЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ
13-05-2022 09:16

2022 жылдың 13 мамыр күні Павлодар облысы педагогтер қауымдастығының жұмыс жоспары аясында Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы «Педагогтердің эмоционалды күйзелісі және оны жеңу жолдары»  тақырыбында семинар-тренинг ұйымдастырды.

Мақсаты: педагогикалық ұжымды біріктіру және психоэмоционалдық күш салуды жою арқылы эмоциялық күйзеліс синдромының алдын алу.

Педагогикалық шеберлік орталығының тренері, спикер                     Мельникова Ю.Г. кәсіби күйзеліске тест өткізді, қатысушылар кері байланыс алды.

Педагогтерді өзін-өзі реттеу және күйзелістің алдын-алу тәсілдері мен әдістерімен «Өз энергетикалық ресурстарын жұмыста қалай үнемді жұмсау керек» деп таныстырды.Тыңдаушылар «Бақытты адамның әдеттері» коллажын ауызша құрастырды.

Педагогтерге эмоционалдық күйзелістің алдын алу бойынша ұсынымдар берілді.