«Үздік мектепке дейінгі ұйым педагогі – 2022» республикалық конкурсы облыстық І –ші кезеңнің қорытындысы
13-05-2022 17:12
2022 жылгы 13 мамырда Павлодар облысының білім беру басқармасының білім беруді дамытудың Инновациялық орталығы «Үздік мектепке дейінгі ұйым педагогі – 2022» республикалық конкурсының І-ші облыстық кезең қорытындысын шығарды. Байқауға аудандық және қалалық кезеңдердің жеңімпаздары қатысты. Облыстық конкурсқа қатысуға 25 өтінім берілді. Педагогтердің аналитикалық материалдарының сараптамасы қашықтықтан өтті. Әр қатысушы қазылар алқасының мүшелеріне «Кәсіби досье» әдістемелік портфолиосын ұсынды. Әдістемелік портфолиода жұмыс тәжірибесі, талдау, жалпылау, өзінің кәсіби қызметінде инновациялық идеяларды қолдану, шығармашылық және зерттеу тәсілдерін, мектепке дейінгі жастағы балаларды оқыту мен тәрбиелеудегі тәжірибенің нәтижелілігі көрсетілді. Бірінші тур қорытындысы бойынша ең көп балл жинаған 17 қатысушы ІІ турға қатысуға жіберіледі. І тур қорытындысы: 1.Абильдинова Сания Сатыбаевна,​ Павлодар қ. 2.Абыкенова Жанара Кайратовна,​Павлодар ауданы 3.Аубакирова Меруерт Таскеновна, ​Аққулы ауданы 4.Алияскарова Ольга Николаевна,​Ақсу қ. 5.Бейсембаева Мадина Дуйсембековна, Павлодар қ. 6.Бикеева Айнур Жасулановна,​Аққулы ауданы 7.Жолдаспаева Амангул Амангельдиевна,​Екібастұз қ. 8.Зыкова Надежда Петровна, ​Железин ауданы 9.Кадилова Фарида Канжарбековна, ​Ақсу қ. 10.Каяфа Раушат Аскаровна,​ Павлодар қ. 11.Карнач Наталья Семеновна, Ертіс ауданы 12.Куршева Аурика Павловна,​Екібастұз қ. 13.Маканова Динара Бейсенбековна,​Ақсу қ. 14.Мурат Булбул,​Баянауыл ауданы 15.Оразалина Эрика Сергеевна,​Май ауданы 16. Тулкина Гульжанат Ертаевна , Май ауданы 17.Рамазанова Меруерт Кунжарыковна,​Успен ауданы