ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОВОРКИНГ
05-05-2022 16:49

2022 жылғы 5 мамыр күні Павлодар ауданы білім беру бөлімінің әдістемелік кабинеті «Оқу-тәрбие үдерісінің жұмысын ұйымдастырудың инновациялық тәсілдері» тақырыбында педагогикалық коворкинг өткізді.

Педагогикалық коворкинг жұмысына мектеп директорларының оқу - тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары, АББ әдістемелік кабинетінің әдіскерлері, Білім беруді дамытудың инновациялық орталығының әдіскерлері қатысты.

Коллаборация шеңберінде ұйымдастыру кеңістігінің үш саласында: «Топ-пікірталас», «Аспаптық шеберхана», «Жобалау бюросы» заманауи мектептегі білім берудің өзекті мәселелері қарастырылды.

Тыңдаушылар келесі бағыттар бойынша жұмыс тәжірибелерімен бөлісті: мектептің жылдық жоспарын құру, мектепішілік бақылауды ұйымдастыру, тәлімгерлік, сабақтастық, дарынды балалармен жұмыс, олқылықтардың орнын толтыру және білім сапасын арттыру мәселелері.

Тыңдаушылар аталған іс-шараны өткізудің өзектілігі мен уақытылығын атап өтті, педагогикалық коворкинг заманауи мектептегі білім берудің өзекті мәселелерін іздеуге және шешуге бағытталған мазмұнды болып шықты.