Ағымдағы жылдың 28-29 сәуір күндері мектеп басшыларының 1 ашық дебат турнирі өтті
29-04-2022 09:18
Павлодар облысының Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы Инновациялық Еуразия университетінің базасында ағымдағы жылдың 28-29 сәуір күндері мектеп басшыларының 1 ашық дебат турнирін өткізді.
Дебатқа барлық аудандар мен Павлодар және Екібастұз қалаларынан 17 команда қатысты.ХХІ ғасыр құзыреттілігінің креативті деңгейіндегі сайыстар қазақ және орыс тілдерінде өтті.
Тартысты пікірталаста III дәрежелі ДИПЛОМ мен 30 мың теңге ақшалай сыйақының иегерлері Ақсу қаласының "Softskils" және Аққулы ауданының "Ғасыр толқыны" командалары болды.
Төрешілер алқасы II орынды 40 мың теңге көлемінде диплом мен жүлде алған Ақтоғай ауданының "Бастау" және "Ақиқат" командаларына берді.
   I орын Ақсу қаласының "Жарқын болашақ" және Тереңкөл ауданының "Non stop" командаларына бұйырды, олар I дәрежелі дипломдармен және 50 мың теңге көлемінде ақшалай сыйлықпен марапатталды.
    Абсолютті нәтиже үшін бас жүлде және 60 мың теңге ақшалай сыйақы Павлодар қ. "Массоны" және Екібастұз қ. "Парасат" командаларына берілді.
Турнирдің бірінші күні үздік спикерлер анықталды. Олар Павлодар ауданынан К.Калелкан және Ақсу қаласынан Г.А. Асылова болды, әрқайсысы 50 мың теңге ақшалай сыйақы мен кубоктармен  марапатталды.
Облыстық турнирдің жүлде қоры "Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Павлодар облыстық ұйымы” ҚБ ұсынған 460 мың теңгені құрады.Алдағы уақытта Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы ресми серіктестері салалық кәсіподақтың, ИнЕУ және "Ертіс" телеарнасының қаржылық, техникалық және ақпараттық қолдауымен аудандар мен қалалардың әдістемелік кабинеттерінің командалары, облыс педагогтері арасында дебаттық технология бойынша жарыстар өткізуді жоспарлап отыр.