БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ БІЛІМ САПАСЫ – ПЕДАГОГ ЖҰМЫСЫНЫҢ НӘТИЖЕСІ
27-01-2022 18:19

2022 жылғы 27 қаңтарда Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы мен бастауыш сынып мұғалімдерінің қауымдастығы «ББЖМ-ға дайындалудың тиімді жолдары» тақырыбында семинар-практикум өткізді.

       Білім алушылардың білім сапасын бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына сәйкестігін бағалау мақсатында білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүзеге асырылады. Мұғалім нені білуі қажет? Осы процедураны өткізу үшін білім алушыларды мұғалімдер қалай дайындауы керек? Осы және басқа да сұрақтарға Білім беруді дамытудың инновациялық орталығының әдіскері Н.Н.Жолдыбаева жауап берді.

Баянауыл ауданы, Майқайың №2 ЖОМ бастауыш сынып мұғалімі О.М.Галюдкина «Білім алушыларды ББЖМ-ға дайындау бойынша сабақты ұйымдастыру»  туралы айтып берді.

Тереңкөл ауданы А.Текенов атындағы №2 ЖОМ бастауыш сынып мұғалімі Е.А.Сихварт «Оқу сауаттылығы» бағыты бойынша белсенді әдістерді көрсетті.

Қауымдастықтың төрайымы, Екібастұз қаласының №6 мектеп-лицейінің бастауыш сынып мұғалімі Н.В.Марахова сабақта және сабақтан тыс уақытта цифрлық платформаларды, онлайн-тренажерлерді қолданудың тиімділігін көрсетті.

Екібастұз қаласының №6 мектеп-лицейінің бастауыш сынып мұғалімі Е.В.Бойко жұмыс тәжірибесін оқу сауаттылығы бойынша жұмыс жүйесімен таныстырды.

Ақсу қаласы мектеп - лицейінің бастауыш сынып мұғалімі Е.Н.Москалева «Математикалық сауаттылық бойынша тест тапсырмаларын құрастырудың ерекшеліктері» тақырыбында өзінің педагогикалық зертханасын көрсетті.

Шарбақты ауданы Хмельницкий ЖОМ бастауыш сынып мұғалімі               Л.И.Лукьяненко білім алушылардың білім сапасына мониторинг жүргізумен, білім олқылықтарының орнын толтырумен бөлісті.

Тыңдаушылар іс-шараның уақыттылығын және практикалық маңыздылығын атап өтті, өз жұмыстарында сөз сөйлеушілердің тәжірибесін одан әрі пайдалануға ниет білдірді.

Семинар соңында әдістемелік ұсынымдар берілді, тренажер үшін қатысушыларға ұсынымдық сипаттағы тест тапсырмалары электрондық түрде жіберілді.