БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕГІ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИННОВАЦИЯЛАР
27-01-2022 13:34

2022 жылғы 26 қаңтарда Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы «Инновациялар арқылы білім беру сапасына» тақырыбында семинар-практикум өткізді. 200-ден астам бастауыш сынып мұғалімдері қатысқан семинар-практикум екі секцияда өтті.

Заманауи білім беру технологиялары білім берудің сапасын арттыруға ықпал етеді, білім беру үдерісінің даралануына, қашықтығына және вариативтілігіне, сонымен қатар жасына және білім беру деңгейіне қарамастан білім алушылардың академиялық ұтқырлығына бағдарланған. Білім беруді дамытудың инновациялық орталығының әдіскерлері Н.Н.Жолдыбаева және М.Т.Тулешова өз сөздерінде педагог инновацияларды тек біліп қана қоймай, өзінің практикалық қызметінде, білім беру үдерісінде оларды кеңінен қолдану керек деп атап өтті.

Екібастұз қаласының №25 қыз балаларға арналған қазақ гимназиясының бастауыш сынып мұғалімдері А.М.Кабдылова «Бастауыш сынып оқушыларының зерттеу қабілеттерін дамыту жолдары», Г.Т.Шаланова «Математика сабағында логикалық ойлауды дамыту» тақырыптарында өз тәжірибелерімен бөлісті.

Дарынды балаларға арналған №8 мектеп – лицейінің бастауыш сынып мұғалімі Ж.Т.Ассанова «Білім алушылардың ғылыми-зерттеу қызметін ұйымдастыру білім сапасын арттыру құралы ретінде» тақырыбында сөз сөйледі.

Екібастұз қаласының №11 жалпы орта білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Д.А.Жетписова «Бастауыш мектептегі сабақтарда зерттеу қызметін дамыту» тақырыбында жұмыс тәжірибесін баяндады.

Павлодар қ. инновациялық үлгідегі №39 ЖОМ бастауыш сынып мұғалімдері Майлакова Е.А., Кичигина Е.В. «Топтық оқыту» тақырыбы бойынша өз тәжірибелерімен бөлісті. Павлодар қ. №29 ЖОМ бастауыш сынып мұғалімі Ж.М.Тастенова «Оқу және жазу арқылы сыни ойлау технологиясын қолдану»тақырыбын ашып айтып берді.

Екібастұз қаласының №9 ЖОМ бастауыш сынып мұғалімі Л.Н.Васина  «Шағын-шығарма эссе жазу - әдеби оқу сабақтарында сөйлеуді дамыту құралы ретінде» тақырыбындағы педагогикалық зертханасын ұсынды.

Тереңкөл ауданы Калиновка ЖОМ бастауыш сынып мұғалімі О.А.Лоос «Бастауыш сыныптардағы тестілеу ББЖМ-ға дайындықтың тиімді түрі ретінде» АКТ технологиясын қолдануды көрсетті.

Тыңдаушылар өз тәжірибелерінде инновациялық педагогикалық технологияларды белсенді қолдануға ынталандырылды.

Семинар соңында әдістемелік ұсынымдар берілді, қатысушыларға семинар бойынша материалдар электрондық түрде жіберілді.