Адам өміріндегі сәндік-қолданбалы өнер(СҚӨ)» тақырыбына көркем еңбек сабақтарын өткізу әдістемесі
26-01-2022 17:48

2022 жылғы 26 қаңтарда Павлодар облысы білім беру басқармасының Білім беруді дамытудың Инновациялық орталығы көркем еңбек педагогтерінеарналған «Адам өміріндегі сәндік-қолданбалы өнер(СҚӨ)»тақырыбына көркем еңбек сабақтарын өткізу әдістемесі» атты облыстық семинар өткізілді, оған 100көркем еңбек пәніпедагогтеріқатысты. Инновациялық орталықтың әдіскері С.Кинжибаева мектепте сәндік-қолданбалы шығармашылықты оқытудың мәселелері мен әдістері туралыайтты.

Амирова Гульнар Дюсентаевна, көркем еңбек пәнімұғалімі, «Ақсу қаласы Айнакөл ауылы орта мектебі»КММ, СҚӨсабақтарында оқушылардың креативті қабілеттерін дамытуға жағдай жасау үшін өзінің көзқарасын ұсынды.

Махмед Бахсәуле, көркем еңбек пәнімұғалімі«Ю.Гагарин атындағы орта мектебі»КММ, Ақсу қаласы,үйірме сабақтарында өз қолдарымен жасалған пайдалы,әдемі бұйымдардықалдықзаттарданжаңа өнім жасауын көрсетті.

Қалиякбарова Ардак Бостауовна, графика жобалау және көркем еңбекпәні мұғалімі, «Павлодар қ. №26 ЖОББМ»КММ көркем еңбек сабақтарында, әсіресе қашықтықтан оқыту кезінде қолдануға болатын АКТ технологиясын қолдану тәжірибесімен бөлісті.

Тыңдаушыларға сабақты оқытудың әдістемелік ұсынымдары беріліп, СҚӨбөлімін оқытудағы инновациялық тәсілдер мен технологияларды пайдалана отырып, көркем еңбек сабақтарын өткізубойынша тәжірибелерімен алмасты.