ҚЫСҚЫ МЕКТЕП
12-01-2022 12:22
Павлодар облысы білім беру басқармасының Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы 2022 жылғы 5 қаңтарда «Қысқы мектеп» аясында менти-мектептерге арналған әдістемелік семинар өткізді.
 
Аталған іс-шараға облыс бойынша қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің 100 педагогі қатысты.
 
Менти-мектептер ұстаздарын әдістемелік сүйемелдеу мақсатында Нұр-Сұлтан қаласының №66 лицей-мектебінің қазақ тілі мен қазақ әдебиеті мұғалімі Аниярова Марал Оралбекқызы «Эссе жазу алгоритмі» бойынша ауқымды шеберлік сағатын көрсетті. Сондай-ақ, Екібастұз қаласының №25 қазақ қыздар гимназиясының мұғалімі Рахымбаева Айнұр Кендібайқызы «Мәтінмен жұмыс – оқу сауаттылығының бастамасы мен негізі» және Көбешова Ментай Диханқызы «Дебат ойыны арқылы оқушылардың коммуникативтік құзыреттілігін дамыту» тақырыбы бойынша құнды тәжірибелерімен бөлісті.
 
Семинар соңында тыңдаушылар спикерлермен диалог орнатып, кері байланыс берді.