«Қазақстанның үздік педагогі (IІ-тоқсан)»
30-12-2021 22:46

2021 жылғы  08қараша мен   29желтоқсан аралығында  «Қазақстанның үздік педагогі (IІ-тоқсан)»атты  республикалық байқауыөтті.  Жүлде қоры - 15 000 000 теңгені құрайтын байқаудың бас ұйымдастырушысы – «BilimLand» компаниясы. Байқаудың мақсаты: Белсенді педагогтерді инновациялық-әдістемелік тұрғыдан қолдау және педагогтерге  сапалы мазмұн мен цифрлық құралдарды қолдана отырып, шығармашылық мақсаттарды жүзеге асыруға мүмкіндік беру сонымен қатар, білім алушының оқу, математикалық және жаратылыстану- ғылыми сауаттылығын дамытуға көмектесу. Байқау екі кезеңнен тұрды: Бірінші кезең 11.11.2021 - 24.12.2021 аралығында,екінші кезең 28.12.2021 - 29.12.2021 күндері өтті.

Бірінші кезеңдебайқауға қатысуышы дәстүрлі оқыту форматында цифрлық технология құралы ретінде www.onlinemektep.org платформасын белсенді пайдаланып, Bilimbonus-тар жинауы қажет болса, екінші кезеңде цифрлық сауаттылық бойынша тестілеуден өтті. Қазақстанның 15 аймағының педагогтері ат салысқан байқаудың екі кезең қорытындысы бойынша:

 І орын - Лариса Александровна Клюкина Павлодар қаласының № 11 жалпы орта білім беру мектебі,  ІІ орын – Салтанат Бахитовна Тулебаева Павлодар қаласының М. Әуезов атындағы жалпы орта білім беру мектебі, ІІІ орын- Май ауданы Малайсары ЖОМ  педагогі Гульден Сансызбаевна Жумабекова иеленді.  Жеңімпаздар  дипломдар мен ұйымдастырушылар тарапынан қаржылай марапатқа ие болды. Жерлестерімізді жеңістерімен құттықтаймыз!