«Балалықтан болашаққа» жобасын іске асыру
24-12-2021 16:49

2021 жылғы 20-24 желтоқсан аралығында Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы «Жаһандық құзыреттер» курсының вариативті компонентінің бағдарламаларын оқытуды әдістемелік сүйемелдеу бойынша бірқатар іс-шаралар өткізді.

Бұған дейін аталған бағдарламалар облыс мектеп оқушыларының жаһандық құзыреттіліктерін дамыту мақсатында «Балалықтан болашаққа» жобасы аясында Білім беруді дамытудың инновациялық орталығымен әзірленді.

Іс - шаралар мектепке дейінгі оқыту, бастауыш сынып, математика, химия, биология, өзін-өзі тану пәндерінің педагогтері, педагог-психологтар үшін ұйымдастырылды.

Жұмысқа облыстың 800-ден астам педагогі қатысты.

Семинарға қатысушылар оқыту сапасын арттыру механизмдерін, оқытудың тиімді әдістері мен тәсілдері мәселелерін талқылады, педагогикалық диалогтың өзектілігін атап өтті, одан әрі жұмыс істеу үшін ұсынымдар алды.