Үштілді білім беру жағдайын әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз ету
05-11-2021 00:00
Үштілді білім беру жағдайын әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз ету

Павлодар облысы білім беруді дамытудың инновациялық орталығы  2021 жылғы 05 қарашада   әдістемелік көмек көрсету және шебер-педагогтердің тәжірибесін тарату аясында   Аққулы ауданының Жамбыл орта мектебінде  Аққулы ауданы педагогтеріне арналған  жалпы орта білім беру жүйесінде көп тілді білім беру бойынша оффлайн семинар-практикум өткізілді. Семинар-практикумда дарынды  қыз балаларға арналған «Білім - Инновация» лицей-интернатының биология пәні мұғалімі А.У. Иманаева,  информатика пәні мұғалімі Л. Бахара, Павлодар қаласының «Жас дарын» мамандандырылған мектебінің физика пәні мұғаліміА.М. Мальчибаева,  дарынды  ер балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернатының химия пәні мұғалімі Г.У. Тастембекова, Павлодар қаласының №34 мектебінің физика пәні мұғалімі Ж.Г. Мендыбаев, Павлодар қаласы дарынды балаларға арналған №8 мектеп-лицейінің информатика пәні мұғалімі С.Г. Васина өз тәжірибелерімен бөлісті. Аққулы ауданы педагогтерінің көптілді білім беру бойынша туындаған барлық өзекті сұрақтарына жауап беріп, жаратылыстану математика бағытындағы пәндерді  ағылшын тілінде толық жүктемемен оқытудағы әдіс-тәсілдерін практика жүзінде көрсетіп, нормативтік құжаттарды зерделенді.