«Дарынды балаларға – талантты ұстаз»
04-11-2021 12:17
«Дарынды балаларға – талантты ұстаз»

2021 жылғы 1 қарашадан 4  қарашаға дейін Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласында еңбек өтілі 5 жылдан артық емес жас мұғалімдердің арасындағы  республикалық «Дарынды балаларға – талантты ұстаз» педагогикалық олимпиадасының қорытынды кезеңі өтті.

Павлодар облысы атынан 5 педагогқатысты.

       Олимпиаданың қорытындысы бойынша  4  қатысушы жеңімпаз және жүлдегер атанды.

ҚР Білім және ғылым министрлігінің ІІ дәрежелі дипломдарымен: Аққулы ауданының Лебяжі жалпы орта білім беру мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Бердімұрат Сайфулин, Ақсу қаласының №8 жалпы орта білім беру мектебінің педагог - психологі Жакубалдина Бикен Балтабековнамарапатталды.

       ІІІ дәрежелі дипломмен Павлодар қаласының № 49 санаторлық сәбилер бақшасының тәрбиешісі Асенова Асия Дуйсенбаевна марапатталды.

       «Республикалық «Дарынды балаларға – талантты ұстаз» педагогикалық олимпиадасында қол жеткізген ерекше жетістіктері үшін» номинациясына Павлодар қаласының               № 17 жалпы орта білім беру саралап оқытатын бейіндік  мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Хашим Махсатгуль иеленді.

       Олимпиаданың барлық қатысушыларына республикалық «Дарынды балаларға – талантты ұстаз» педагогикалық олимпиадасына қатысқаны туралы сертификаттар табысталды.

Құттықтаймыз!