«Ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен түзету-білім беру қызметі» облыстық семинары
25-10-2021 08:59

Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы 2021 жылғы 25 қазанда мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарының педагогтері, тәрбиешілері, дефектологтары, логопедтері, психологтары үшін «Ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен түзету-білім беру қызметі» тақырыбында облыстық семинар ұйымдастырды.

Семинар барысында Ақсу қаласы «Айналайын» сәбилер бақшасының психологі Д.Е.Бозжигитова ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыста құм терапиясын қолдану туралы өз тәжірибесімен бөлісті.

Екібастұз қаласының №18 ЖОББМ бастауыш сынып мұғалімі           Р.А.Адабекова инклюзивті білім беру аясында критериалды бағалау жүйесін ұйымдастыру тәжірибесін жинақтап жеткізді.

Сондай – ақ, Павлодар ауданы Ольгин сәбилер бақшасының тәрбиешісі К.В.Трофимова мектепке дейінгі жастағы балалармен дәстүрлі емес жабдықтарды қолдана отырып сөйлеуді дамыту бойынша жұмыс ерекшеліктерімен таныстырды.

Жаңартылған мазмұн жағдайында ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға арналған жеке білім беру жоспарын құру және іске асыру бойынша жұмыс тәжірибесімен Ақсу қаласы №7 ЖОББМ директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары А.Т. Истаева бөлісті.

Ақсу қ. №10 сәбилер бақшасының логопеді Д.Н.Докилова ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға арналған сабақтарды моторикалық жоспарлау бойынша тәжірибені жинақтап жеткізді, Павлодар қ. №30 ЖОББМ бастауыш сынып мұғалімі А. М. Валеулина ақыл-ой кемістігі жеңіл үйде оқитын балаларға арналған математика бойынша жұмыс дәптерін таныстырды.

Семинар соңында инклюзивті білім беру бойынша әдістемелік ұсыныстар берілді.