Конкурстар және  жобалар Қашықтықтан оқыту итоговая аттестация Пәндер Барлық құттықтаулар!
Жаңалықтар мұрағаты
«Тәуелсіздік жолы: тарихы, болмысы мен келешегі»
11-10-2021 15:29
«Тәуелсіздік жолы: тарихы, болмысы мен келешегі»

Павлодар облысының білім беруді дамытудың инновациялық орталығы білім беру ұйымдарының, ғылыми және мұражайлық қоғамдастықтардың өкілдері үшін Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Тәуелсіздік жолы: тарихы, болмысы мен келешегі» атты өңірлік ғылыми-тәжірибелік конференциясын ұйымдастырады.

Мақсаты:тәуелсіздікке қол жеткізудің және жаңа мемлекеттілік құрылысының өзекті мәселелерін, Ұлт Көшбасшысы Н. Ә.Назарбаев пен Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың тәуелсіз мемлекетті дамытудағы және елді жаңғыртудағы стратегиялық бастамаларының рөлін,қазіргі кезеңдегі тарихи бағыттағы мұражайлардың ғылыми-зерттеу және мәдени-білім беру әлеуетін талқылау.

Міндеттері:

1. Жеке тұлғалардың  өмірлік іс-әрекетінің  үлгілері және факттері негізінде патриотизм мен азаматтыққа баулу және тәрбиелеу, ұрпақтар тарихи сабақтастығын сақтау жұмысының өзектілігін анықтау;

2. Мұражай мекемелерінің әлеуметтік-мәдени қызметінің оң тәжірибесін насихаттау;

3.  Қазіргі тарих ғылымының өзекті мәселелерін талқылау

Қатысуға жоғары оқу орындарының ғалымдары, ПШО, «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалдарының  тренерлері, НЗМ оқытушылары, әдістемелік қызмет қызметкерлері, жалпы білім беретін мектептердің директорлары мен директор орынбасарлары, ғылыми және мұражай қызметтерінің педагогтері мен қызметкерлері шақырылады.

Өткізілетін уақыты:2021 жыл 20 қазан

Өткізілу форматы:онлайн

Конференцияның жұмыс тілдері:қазақ тілі, орыс тілі

Ұйымдастырушылармен байланыс:E-mail: pavlinnocentre@mail.ru,  байланыс телефондары: 87768060808, 87475902570

 

 

 

 

 

КОНФЕРЕНЦИЯНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ (секциялар)

1.Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл: жауапты көшбасшылық, тұрақтылық және сабақтастық;

2. «Қазіргі Қазақстандағы филология және лингвистика»;

3.Ы.Алтынсариннің тұлға ретінде рухани-адамгершілік тұрғыдағы мұрасының өзектілігі;

4.ҚР Тұңғыш Президентінің рөлі: даму векторлары және тарих ғылымының жаңа міндеттері

ҚАТЫСУ НЫСАНЫ

1.Конференцияға арналған жинақта мақала жариялау;

2.Конференцияға (баяндамаларды, мастер-класстарды қоса алғанда) тыңдаушы ретінде қатысу;

3.Конференцияға баяндамашы ретінде қатысу (бейнеконференция режимінде).

Конференцияға қатысу тегін