Конкурстар және  жобалар Қашықтықтан оқыту итоговая аттестация Пәндер Барлық құттықтаулар!
Жаңалықтар мұрағаты
Жылдың үздік психологі
06-10-2021 10:55
Жылдың  үздік  психологі

2021 жылғы 6 қазанда Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы «Жылдың үздік психологі» республикалық конкурсының облыстық кезеңін өткізді. Конкурс талантты психологтерді анықтау және қолдау, олардың одан әрі кәсіби дамуы және шығармашылық тұрғыдан өсуіне ықпал ету мақсатында өткізілді. Іріктеу турының қорытындысы бойынша облыстық кезеңге 30 психолог өтті, оның ішінде Павлодар қ. – 9, Ақсу қ. – 6, аудандардан – 15.

Конкурстың қазылар алқасы психологтердің кәсіби шеберлігін, психологиялық-педагогикалық қызмет саласында өзін-өзі таныта білу қабілетін көрсету және білім беру процесінде психологиялық міндеттерді жобалау мен шешу іскерліктерін, психолог мамандығы туралы, өзінің кәсіптік  көзқарасы туралы стандарттан тыс ойларын баяндайтын эссе жазу біліктіліктерін бағалады.

Конкурс қорытындылары бойынша І орын иеленгендер: Ахмекенова Гульжазира Мухамедрахимқызы, Кенжекөл жалпы орта білім беретін мектебі, Баисова Алма Курумбаевна, Павлодар қаласының М. Әуезов атындағы ЖОББМ;  ІІ орын – Кусаинова Миргуль Курметовна, Аққулы ауданы Тілектес ЖОББМ,  Абигузина Римма Нургалиевна, Павлодар қаласының дарынды балаларға арналған №8 мектеп-лицейі;  ІІІ орын – Асаинова Жулдыз Сериковна, Павлодар қаласының «Жас дарын» мамандандырылған мектебі, Бережная Анастасия Алексеевна, Павлодар қаласының №32 НОББМ.

 Келесі номинациялар бойынша жеңімпаздар анықталды: «Үздік авторлық бағдарлама» – Өзкей Нұрбахыт, Ақсу қ. Жамбыл ОМ, Каирбаева Айнур Каржаубаевна, Павлодар қ. №122 мектепке дейінгі гимназия; «Кәсіби шеберлік» – Наурызбай Айсауле, Ақсу қ. Ю. Гагарин орта мектебі, Шекебаева Амина Турдыбековна, Баянауыл ауданы Қ. Кемеңгеров атындағы ЖОББМ; «Үздік портфолио» – Кунболатова Куаныш Куатовна, Павлодар қ. Б.Момышұлы атындағы ЖОББМ; «Психолог-зерттеуші» – Ибраева Улдай Каиргельдиновна, Тереңкөл ауданы Береговой ЖОББМ, Смагулова Айгуль Сагынтаевна, Дарынды балаларға арналған Абай атындағы гимназия; «Жас психолог» – Сыздыкова Айза Жумабаевна, Павлодар ауданы Кеңес НЖББМ;  «Үздік эссе» – Шайменова Асель Сериковна, Баянауыл ауданы Майқайың №2 ЖОББМ, Ахметова Гульмира Ораловна, Павлодар қ. №19 ЖОББМ, Николаев Сергей Анатольевич, Ақсу қ. Достық орта мектебі; «Креативті психолог» – Набирухина Наталья Витальевна, Тереңкөл ауданы Зеленорощинская НЖОББМ.

Жеңімпаздарды жеңісімен құттықтаймыз!