Конкурстар және  жобалар Қашықтықтан оқыту итоговая аттестация Пәндер Барлық құттықтаулар!
Жаңалықтар мұрағаты
Интеграцияның басымдықтары туралы
06-10-2021 10:46
Интеграцияның басымдықтары туралы

          2021 жылдың 6 қазанында білім беруді дамытудың Инновациялық орталығы мен Б.Ахметов атындағы Жоғары педагогикалық колледжінің өзара серіктестігі аясында ұйымдастыруымен, «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын интеграциялау басымдықтары туралы» тақырыбында облыстық семинар өтті.

         Сматаева Жанар Абаевна, Павлодар облысы білім беру басқармасының бала құқықтарын қорғау бөлімінің бас маманы, Павлодар облысының білім беру ұйымдарында  өзін-өзі тану пәнінің ішкі интеграциясының қолданылуы үдерісі туралы ақпараттандырды.

         Орталық әдіскері Бекбергенова Самал Ержанқызы «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының іске асырылу барысы туралы,  Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Адамның үйлесімді дамуы ұлттық институтының тренері Алибаева Диана Абиловна қазақ тілі мен өзін-өзі танудың ішкі интеграциясы бойынша,  Асайинова Манар Далеловна, Павлодар Қ. №17 ЖББОМ қазақ тілі мұғалімі «Қазақ тілі сабағы арқылы рухани-адамгершілік тәрбиені интеграциялау әдістері мен тәсілдері»,  Б. Ахметов атындағы Жоғары педагогикалық колледжінің Бастауыш білім берудің арнайы пәндерінің оқытушысы, әлеуметтік ғылымдар магистрі Амирамза Синура Абдурасуловна және Мешитбаева Гульмира Айтжановна «Өзін-өзі тану» пәні арқылы болашақ мамандардың кәсіби құзыреттілігін қалыптастырудағы өзін-өзі тану пәнінің маңыздылығы,  жалпы адамзаттық құндылықтарға негізделген оқытуды ұйымдастыру бойынша тәжірибелерімен бөлісті.

       Семинарға қатысушылар талқыланған тақырыпқа қызығушылық танытып, тәжірибе алмасты.