Конкурстар және  жобалар Қашықтықтан оқыту итоговая аттестация Пәндер Барлық құттықтаулар!
Жаңалықтар мұрағаты
Білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту
30-09-2021 21:33

2021 жылғы 30 қыркүйекте Павлодар облысы білім беру басқармасының Білім беруді дамытудың инновациялық орталығының ұйымдастыруымен қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдеріне арналған«Қазақ тілі сабақтарында білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту»тақырыбында облыстық вебинарөтті.

Инновациялық орталық әдіскерлері Б.М.Солтанова және З.С.Кожина  қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту бүгінгі күннің басты талабы екенін атап өтті.

Павлодар қаласының №1, №39 ЖОМ-ның қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері Жаканова Сағыныш Жылқайдаровна, Гросс Инга Райнгольдовна және Железин ауданының Береговой НМ мұғалімі Асаинова Гульмира Шакаровна оқытуды жеке тұлғаға бағыттау арқылы функционалдық сауаттылықты дамытудың әдіс-тәсілдерін, оқушылардың жұмыс үлгілерін ортаға салып, тиімді кері байланыс жасау жолдарын ұсынды.

 Вебинар соңында әдістемелік ұсынымдар берілді.