Конкурстар және  жобалар Қашықтықтан оқыту итоговая аттестация Пәндер Барлық құттықтаулар!
Жаңалықтар мұрағаты
Жас педагог мектебі
24-09-2021 15:06

2021 жылғы 24 қыркүйек күні онлайн режимде білім беруді дамытудың инновациялық орталығы әдіскерлерінің облыстың жас педагогтарымен кездесуі өтті. 

Инновациялық орталықтың әдіскерлері  Солтанова Б.М., Дюсеханова К.К., Серикбаева Л.С. «Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу - тәрбие процесін ұйымдастырудың 2021-2022 оқу жылындағы ерекшеліктері туралы» әдістемелік нұсқау хатты түсіндірді.

 «Жаһандық құзыреттіліктер» курсы, «Оқуға құштар мектеп - табысты мектеп» жобасы тақырыптары жан-жақты ашылды.

Білім беруді дамытудың инновациялық орталығының әдіскері Өсен Еркегүл жас педагогтарды аттестаттау ережелерімен таныстырды.

Жолдыбаева Н.Н. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 130 «Білім беру ұйымдарының педагогтары жүргізуге міндетті құжаттардың тізбесі» бұйрығын түсіндірді.

Спикерлер жас мамандарды толғандыратын барлық сұрақтарға жауап берді, жас мамандарға ұсыныстар, жадынамалар берілді.

Семинарға қатысушылар Павлодар облысының жас педагогтар қауымдастығын, достастығын құруды ұсынды.