Конкурстар және  жобалар Қашықтықтан оқыту итоговая аттестация Пәндер Барлық құттықтаулар!
Жаңалықтар мұрағаты
Ресурстық орталықтар мен шағын жинақталған мектептерде білім беру сапасын арттыру бойынша жұмыс тәжірибесімен алмасу
23-09-2021 17:54
Ресурстық орталықтар мен шағын жинақталған мектептерде  білім беру сапасын арттыру бойынша жұмыс тәжірибесімен алмасу

 

Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы 2021 жылғы 23 қыркүйекте «Ресурс орталықтары мен шағын жинақталған мектептер қызметіндегі инновациялық тәсілдер» атты облыстық семинар өткізді.

Семинарға Павлодар облысының ресурстық орталықтары мен шағын жинақты мектептерінің 100 педагог және директорларының орынбасарлары, жетекшілік ететін әдіскерлері қатысты.

Семинар барысында білім беру сапасын арттырудың инновациялық технологиялары және механизмдері бірлескен сыныптарда жұмыс істеудің заманауи тәсілдері, дарынды балалармен жұмыс істеу әдістері қарастырылып, «Үздік ресурстық орталық» республикалық конкурсын өткізу ережесі мен оған қатысу шарттары талқыланды.

Семинар тыңдаушылары  іс-шараның маңыздылығын атап өтті, одан әрі жұмыс істеу үшін ұсыныстар алды.