Конкурстар және  жобалар Қашықтықтан оқыту итоговая аттестация Пәндер Барлық құттықтаулар!
Жаңалықтар мұрағаты
МАТЕМАТИКА САБАҚТАРЫНДАҒЫ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҚТЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ
21-09-2021 17:47
МАТЕМАТИКА САБАҚТАРЫНДАҒЫ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ  САУАТТЫЛЫҚТЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ

2021 жылдың 21 қыркүйегінде білім беруді дамытудың инновациялық орталығының әдіскерлері бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Мәтіндік есептерді шешу арқылы математика сабақтарында функционалдық сауаттылықты дамыту» семинар-практикумын өткізді.

 Мәтіндік есептерді шешу бастауыш мектептің математика курсының маңызды құрамдас бөлігі болып табылады.Мәтіндік есептерді шеше білу бастауыш  оқушысының математикалық даму деңгейінің негізгі көрсеткіштерінің бірі болып табылады.Білім беруді дамытудың инновациялық орталығының әдіскері Н.Н. Жолдыбаева өз сөзінде математикалық есеп оқушыға дұрыс математикалық ұғымдарды қалыптастыруға, қоршаған өмірдегі өзара байланыстардың әртүрлі аспектілерін тереңірек анықтауға көмектеседі деп атап өтті.

«Бастауыш мектептің құрамдас бөлігімен жұмысты ұйымдастыру» тақырыбында Ақтоғай ауданы Абай ЖОББМ бастауыш сынып мұғалімдері    К.Х.Кабиева және А.М. Умирова өздерінің педагогикалық зерттеулерін ұсынды.        

«Қозғалыс есептерін шешудің тиімді әдістері»Шарбақты ауданы Орлов ЖОББМ бастауыш сынып мұғалімі Шевченко М.В. өз жұмыс тәжірибесімен бөлісті.          

Екібастұз қаласы №9 ЖОББМ бастауыш сынып мұғалімі Токурова Р.Б. «Геометриялық есептерді шешу арқылы математика сабақтарында функционалдық сауаттылықты қалыптастыру» тақырыбында баяндады.

Ертіс ауданы Ш.Уалиханов атындағы ЖОББМ бастауыш сынып мұғалімі Полтарак И.И. схемаларға, кестелерге, қысқаша жазбаларға және үлгіні құрастыруға сүйене отырып «Мәтіндік есептерді арифметикалық тәсілмен шешу» тақырыбы бойынша жұмыс тәжірибесін ұсынды.

        Тыңдаушылар математика сабақтарында функционалдық сауаттылықты қалыптастыру бойынша жұмысжүйеде болуы тиіс екенін атап өтті. Мұғалімнің басты міндеті - білім алушыларды алған білімдерін, іскерліктері мен дағдыларын практикалық өмірде әртүрлі салаларда қолдануға үйрету.